Алматыда сел жүру қаупіне байланысты дабыл қағылды

0
17

14 тамыз күні Алматының Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрді. Осыған байланысты ауданда дабыл жарияланды.

“Қарғалы өзені ағатын Наурызбай ауданында сел жүру қаупі бар, себебі судың деңгейі күрт төмендеген және бөгетті кез келген сәтте бұзып кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше құжаттарыңызды алып, қалаға қарай кетіңіздер. Бөгет бұзылмауы да мүмкін, алайда қауіптің ықтималдығы жоғары”, – деп хабарлайды ТЖК.

ТЖД Қарғалы өзенінің қазіргі ахуалы туралы мәлімет берді.

“Ауа температурасының соңғы екі айда төмендемеуіне байланысты таңғы сағат 6:20-лар шамасында Қарғалы өзені бассейніндегі №1 көлдің суы босатылды. Секундына 5 мың текше метр жылдамдықпен шығарылғанда көлдегі су деңгейі 5 метрге төмендеді. Алдын ала есептер бойынша 20 мың текше метр су ағызылған. Осыған байланысты Наурызбай ауданы Қарғалы шатқалында тұратын халық шұғыл құлақтандырылды. Сонымен қатар, өрт сөндіру бөлімшелері, жол патрульдік қызметкерлері дауыс зорайтқышпен халықты хабарландырды”, – деді ТЖД.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына барып, жағдаймен танысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз