Арыста тағы жарылыс, әскери қызметші көз жұмды

0
79
Photo: mod.gov.kz

11 қазанда Арыс маңындағы полигон аумағында оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор Ақышев ауыр жарақат алып, көз жұмды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

“11 қазанда арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) оқ-дәрілердің жиналған фрагменттерін жою бойынша жоспарлы жұмыс барысында оқ-дәрілердің фрагменті уақытынан бұрын детонация болды. Салдарынан топ жетекшісі, әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор А.С.Ақышев ауыр жарақат алып, көз жұмды”, – деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Ақпаратқа сәйкес, жұмыс қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілген.

Трагедияның нақты себебі мен салдары анықталуда. Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Ведомство бұл жағдай полигонға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына қауіп төндірмейтінін түсіндірді, өңірде үздіксіз бақылау жүргізіліп жатыр.

Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады және оларға барлық қажетті көмек көрсететін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз