Әскери қауқары бойынша Қазақстан елулікте

0
169
дереккөзден

Мемлекеттің қарулы күштерінің қауқарын анықтайтын Global Firepower рейтингі жаңартылды. Рейтинг PowerIndex балын анықтайтын жекелеген 55 факторға негізделген. 

Global Firepower сайты таратқан ақпарға сәйкес, Қазақстан аталған тізімде 50-ші орынды місе тұтты. Бельгия, Боливия, БАӘ, Хорватия мен Ливияны басып озған Қазақстанның Қарулы Күштері Өзбекстан, Швейцария, Ангола, Сирия мен Польша секілді елдерге жол берді. 

globalfirepower.com/ Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда рейтинг бойынша 5 орынға алға жылжыды

Алғашқы үштіктің қатарына бірінші кезекте Ресей Федерациясының ҚК (Қарулы Күштер), екінші орынға АҚШ, үшінші орынға Қытай жайғасты.

2017 жылы Қазақстан Global Firepower рейтингінде 55-ші орынға шыққан еді.


Атап өтерлігі, Global Firepower рейтингінде елдің рейтинг қорытындысына бірнеше фактор әсер етеді. Мәселен, ядролық қарудың болу-болмауы есепке алынбайды, дегенмен, ресми түрде ядролық қарулы держава деп мойындалған елдер қосымша бонус алады. Дегенмен, географиялық фактор, логистикалық ептілік пен табиғи ресурстардың болу-болмауы басты назарға алынады.

Рейтингтік есептеу барысында, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдердің әскери-теңіз флотының болмағаны кемшілік болып саналмайды. НАТО-ға мүші елдер кішігірім бонус алады, бұдан өзге елдің қаржылық тұрақтылығы да есепке алынады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз