ASTANA MEDIA WEEK: Электронды БАҚ-тардың жайы талқыға салынды

0
72

Қазанның бесінде бастау алған «Astana media week» апталығының екінші күнінде интернет беттерінде жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) жай-күйі талқыланды.

Апталық аясында ұйымдастырылып жатқан «БАҚ-та қазақ тілді бөлімдердің журналистерінің біліктілігін арттыру» атты  семинар-тренингтер өткізілді.

Қазақ тілді БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған семинарға қатысу үшін еліміздің бірқатар өңірлерінен жүздеген қатысушылар өтінім білдірген.

Семинарда «Жаңалықтарды тексеру немесе қалай БАҚ-тағы фейктердің құрбаны болмау керек», «Жаңа медиаларда контентті ілгерілетудің тиімді құралдары», «БАҚ дамуының жаңа дәуірі немесе Конвергенттік журналистика», «БАҚ-та шиеленісті жағдайды талқылау» атты тақырыптар қаралды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз