Астанада Сирия мәселесі бойынша келіссөздер басталды

0
46

30-31 қазан күндері Астанада Сирия мәселесі бойынша келіссөздердің жетінші раунды өтеді.

ҚР СІМ мәліметінше, келіссөзге барлық тараптар қатысатындарын растады деп хабарлайды ҚР СІМ. Олар Сирия үкіметі және сириялық қарулы оппозиция өкілдері, Түркия, Ресей, Иран делегациялары. Бақылаушы – БҰҰ, АҚШ және Иордания.

Сонымен қатар Астана процесіне бақылаушы елдер қатарына – Қытай, БАӘ, Мысыр және Ирак пен Ливан енеді.

«Алдағы кездесу Сириядағы қақтығысты тоқтату режимін нығайту бойынша қол жеткізілген нәтижелерді сақтап қалуға, сондай-ақ дағдарыстың саяси реттеуіне көшу кезеңінде елдегі жағдайды одан әрі тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерді жандандыруға бағытталған», – деп хабарлайды ведомства.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз