Астанада стратегиялық бастамалар форумы өтуде

0
90
PHOTO: KAZAKNEWS.KZ

7 қараша Астанада стратегиялық бастамалар форумы өтуде.

PHOTO: KAZAKNEWS.KZ

Стратегиялық бастамалар орталығының  Аға серіктесі Олжас Құдайберген “Бұл пікірталас алаңы өз мақсаты ретінде қазақстандық қоғамдастық өкілдері үшін ашық диалог платформасы болуды көздейді, мұнда мемлекеттік институттардың жұмысы мен өткір әлеуметтік-экономикалық мәселелер еш бүкпесізәрі әділ талқыланып, сол келелі мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар қабылданатын болады”, – деп мәлімдейді.

Стратегиялық бастамалар орталығының Бас директоры / Басқарушы серіктесі – Ернар Жаркешов/ KAZAKNEWS.KZ
PHOTO: KAZAKNEWS.KZ
PHOTO: KAZAKNEWS.KZ

Форум спикерлері қатарында қоғам қайраткері, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов, Мемлекеттік қызмет саласындағы Астаналық Хаб Басқарушы Комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық вице-министрі Арман Евниев, саясаткер, қоғам қайраткері, «Қазақстан» РТРК» АҚ басшысы Ерлан Карин, BTS Digital компаниясының білім беру жобаларының басшысы Саясат Нұрбек, Қазақстандық кәсіпкер, «Сеймар» компаниясының негізін қалаушы Марғұлан Сейсембаев, Стратегиялық бастамалар орталығының Бас директоры әрі Басқарушы серіктесі Ернар Жаркешев т.б мамандар бар.

PHOTO: KAZAKNEWS.KZ
PHOTO: KAZAKNEWS.KZ

Форум барысында “Еліміздің даму талаптары және стратегиялық жауаптар”, “Әміршілдік-әкімшілдік салдары. Бюджеттік формалзмнің құны қанша?”, “Сенімді қалпына келтіру үшін қандай реформалар қажет?”, “CSI-дің таңғаларлық он болжамы” атты сессиялар өтіп, түрлі тақырыптар талқыға салынуда.

PHOTO: KAZAKNEWS.KZ

Атап өтерлігі, стратегиялық бастамалар форумы жылына екі рет күзде және көктемде өткізіледі.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз