Қасымов сегіз жыл атқарған қызметінен босатылып, жаңа лауазымға тағайындалды

0
79
дереккөзден

Оқи отырыңыз: Жаңа ішкі істер министрі тағайындалды

Қалмұханбет Қасымов президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

“Мемлекет басшысының жарлығымен Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды “, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасымов ішкі істер министрі лауазымын 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін атқарды.

1957 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Білімі  жоғары. 1979 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін “заңгер” мамандығы бойынша тәмамдады. Полиция генарал-полковнигі.

1979-1988 – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, 1988-1989 – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары болды.

1989-1992 – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы, 1992-1997 – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

1997жылдан 2003 жылға дейін Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы, 2003 жылдың желтоқсанынан 2005 жылдың желтоқсанына дейін Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, ішкі істер департаментінің бастығы болды.

2005 жылдың маусымынан 2009  жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі болды.

2009 жылдан 2011 жылға дейін  Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымын атқарса, 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ішкі істер министрі болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз