Атамбаев қазақстандық олигархтарды сөзбен сыбап тастады

0
93
ашық дереккөзден алынды

18 қазан «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында президенттік шәкіртақыға ие болғандардың алдында ел тәуелсіздігі туралы сөз қозғаған Алмазбек Атамбаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы «Қырғызстанның өзге де көршілері бар» деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы қырғыз бұқаралық ақпарат құралдары хабарлайды.  

Президент Атамбаев Қырғызстан өз өнімдерін өткізудің өзге де жолдарын таба алатынын (Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан) атап өтті. Сонымен бірге тату көршілік қатынастардың маңыздылығына да тоқталды.

«Мен Қазақстан Президенті туралы эмоционалды түрде қате айтқан болармын. Мен бұл туралы осы күндері ойлап жүрмін. Қазақстан Президенті өзінің айналасындағыларға сенеді, ал оның айналасындағылар – олигархтар. Ол, бәлкім, мен сияқты сенгіш», – деді А. Атамбаев.

«Қазақстанның олигархтары Назарбаевтан кейін не болатынын және ақшасын қалай сақтап қалуды ғана ойлайды. Мен әрдайым көрші елдермен бауырлас қарым-қатынаста болғым келеді. Біз көршілерімізбен тату-тәтті өмір сүруіміз қажет. Кейде біз шыдамдылық танытуымыз керек, бірақ тәуелсіздігімізді сақтап қалуға міндеттіміз», – дейді А. Атамбаев.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз