Атамбаев Қазақ-қырғыз қарым-қатынасын айтып, Путинге шағымданды

0
75

Қырғызстан Республикасының президенті А.Атамбаев ел басқарғанына алты жыл толуына орай өткен баспасөз конференциясында РФ Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы кикілжіңді реттеуге көмек көрсетуі керек деп санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

ҚР президенті «Өздеріңізге белгілі жақында РФ президенті Владимир Путинмен кездестім.  Және оған ашық түрде «сіздерге Еуразиялық экономикалық одақ қажет болса, оны бұзып жатқандардың ісіне араласпай отыра беруге болмайды» деп айттым», деп мәлімдеді.

Еске салайық, осыған дейін А.Атамбаев Қазақстан билігі Қырғызстан президент сайлауына араласып жатыр деп айыптаған болатын. Осыған байланысты Қазақстан қырғыз елімен шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейткен еді.

Сондай-ақ ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанмен шекарадағы қатаң бақылаудың Бішкекке қарсы емес, керісінше, контрабанда көлемін қысқартуға бағытталғанын мәлімдеді.

24 қарашадан бастап өзінің жаңа қызметіне кірісетін Сооронбай Жээнбеков соңғы уақытта Қазақстанмен болып жатқан қарым-қатынастағы мәселелердің уақытша екеніне және оның барлығы жақында шешілетініне сенім білдірген болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз