Атырауда пара бермек болған Қытай азаматтары ұсталды

0
220

Қытай Халық Республикасының екі азаматы уәкілетті қызметкерге 2 миллион теңге мөлшерінде пара беру кезінде ұсталған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

Photo: knb.gov.kz

Олар Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен тергеу изоляторына қамалды.

“Пара Атырау қаласында еңбек әрекетін заңсыз жүзеге асырған шетелдікке қатысты әкімшілік істі сотта оң қарау үшін арналған. Сонымен қатар, пара беруші ҚХР азаматтарына одан әрі қамқорлық жасау үшін 200 мың теңге мөлшерінде айсайынғы ақшалай сыйақы ұсынған”, – делінген хабарламада.

Аталған фактіге байланысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз