Қазақ-корей бизнес форумы: қандай келісімдерге қол жеткізілді

0
103
ФОТО: KAZAKNEWS.KZ

22 сәуір Нұр-Сұлтанда Оңтүстік Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қазақ-корей бизнес форумы өтті. Қос тараптан қатысқан мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен бизнес өкілдері өзара пікір алмасып, жобаларын таныстырды. Сондай-ақ жақын болашақта өзара әріптестікке де келісті.

ФОТО: KAZAKNEWS.KZ

Атап айтқанда келіссөздер қорытындысы бойынша “Бәйтерек” “Ұлттық басқарма холдингі” АҚ пен оның еншілес компаниясы “Kazakhstan Project Preparation Fund” ЖШС және шетелдік қалалық инфрақұрылымды дамыту бойынша KIND корпорациясы арасында өзара әріптестік жасау келісіміне қол жеткізілді.

ФОТО: KAZAKNEWS.KZ

“Бәйтерек” холдингі сондай-ақ технологияларды дамыту бойынша KIAT корей институтымен де келісімге келді.

KIND компаниясының директоры Кенгу Ху корей компанияларының Қазақстан нарығында жұмыс істеуге ниет танытып отырғандарын айтты. “Корей компаниялары Қазақстанның инфрақұрылым нарығына үлкен қызығушылық танытуда. Осыған орай біз жергілікті компанияларымыздың Қазақстан нарығында  өздерінің бизнес жобаларын кеңейтетіндеріне қуаныштымыз”, – дейді Кенгу Ху.

ФОТО: KAZAKNEWS.KZ

Келісімдегі құжатқа сәйкес Қазақстан мен Корея мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктегі жобаларды жүзеге асыру барысында ынтымақтасады. Жалпы сомасы 800 миллион долларға төрт нысанда қарастыру көзделген. Атап айтқанда корей мамандары Түркістан облысындағы тас жол құрылысы мен оның эксплутациясына, 300 орындық көп профильді аурухана, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне 1265 орындық жеке емхана тұрғызу, сондай-ақ 300 орындық Қарағандыдағы университет емханасын тұрғызуға қызығушылық танытты.

Бұдан өзге отандық “Даму” қоры мен 40 жылдан астам уақыт бойы орта және кіші кәсіпкерлікті дамытумен айналысып жүрген KOSME қоры да өзара келісімге қол жеткізді.

ФОТО: KAZAKNEWS.KZ
ФОТО:KAZAKNEWS.KZ
ФОТО: KAZAKNEWS.KZ
ФОТО: KAZAKNEWS.KZ

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз