“Қазақмыстың” бас директорына неліктен қастандық жасалды?

0
177
"Қазақмыс" корпорациясының бас директоры Амангелді Минигулов

Жезқазған қаласындағы “Қазақмыс” корпорациясының бас директоры Амангелді Минигуловқа жұмыс бөлмесінде қастандық жасалды. Бұл туралы Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

21 қаңтар сағат 18.20-да “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС директорының кабинетінде туындаған ұрыс-жанжал барысында “Кәсіпқорған” кәсіподақ ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов бас директор Минигуловтың арқасынан пышақпен жарақаттаған және сол жақ кеуде тұсынан кесілген жарақат салған. Оқиға орнында ол өзін пышақтап, алған жарақатынан көз жұмды.

Ақпараттарға сүйенсек, Минигулов кәсіподақ басшысын жұмыстан босатпақ болған. Сосын ол Минигуловтың кеңсесінен кетіп, бірақ бірнеше минуттан кейін мылтықпен қайта оралған. 

Сондай-ақ ол “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС маманы Сабыржан Тембаевқа да пышақ салған. Минигулов пен Тембаев жедел ауруханаға жатқызылды.

Прокуратура не дейді?

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов “Қазақмыс” корпорациясының кәсіпорнында болған қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

“Жалпы, бұл іс бойынша деректер жан-жақты қаралады, яғни осы әрекеттің себебі тыңғылықты тексеріледі. Тергеу органдары бұған толық бағасын бергеннен кейін ғана біз толық мәліметті айта аламыз. Ол жерде процессуалдық прокурор тағайындалды”, – деді Бас прокурордың орынбасары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз