Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды реттеудің жаңа тәсілін ұсынды

0
81

25 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінде Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының басшысы Тадамичи Ямамото елдегі хал-ахуал туралы БҰҰ бас хатшысының баяндамасын оқыды. Және Ауғанстанның сыртқы істер министрі Салахуддин Раббанидің қатысуымен елдегі жағдай туралы ашық пікірсайыс өтті.

Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров Ауғанстан жағдайы туралы ашық пікірталаста сөз сөйлеп Ауғанстандағы қауіпсіздіктің тұрақсыздығы жайлы:

Бұл бүкіл аймаққа әсер ететін маңызды мәселе. Ауған халқы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды және жаңа жұмыс орындарын құруды қажет етуде. Соған сәйкес Қазақстан әлеуеті зор тартымды серіктес ретінде Ауғанстанның беделін көтеруге тырысады

, – деп алаңдаушылығын білдірді.

Қайрат Омаров Орталық Азия елдерінің инфрақұрылым, транзит және көлік, энергетика мен басқа салалардағы Ауғанстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін айта кетті. Сонымен қатар, дипломат қауіпсіздік пен даму мәселелерінің өзара байланысы негізінде Ауғанстан Ислам Республикасындағы (АИР) ахуалды реттеудің Қазақстан ұсынған жаңа тәсілді атап өтті.

Пікір сайысқа қатысушылар халықаралық қоғамдастықты ауған халқының елдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізуі үшін көрсетілген қолдауды жалғастыруға шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз