Қазақстан мен Өзбекстан арасында өзара ынтымақтастық

0
73

16 қыркүйек күні Куксарой резиденциясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев тар форматта келіссөздер өткізді.

Өзара келіссөздер барысында екі ел арасындағы әріптестікті дамыту жайттары талқыланып, өңірлік және халықаралық мәселелерге байланысты пікір алмасылды.

Ал кең форматта өткізілген келіссөздерге қос тараптың ресми делегация мүшелері, министрліктер мен ірі компания басшылары қатысты. Екі ел арасындағы қоғамдық-саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық бағытындағы мәселелер талқыға салынды. Сонымен қатар, көлік-коммуникация, мәдени-гуманитарлық және т.б. салалардағы ынтымақтастықты нығайту да көзделді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз