Қазақстан президентінің мұғалімі қайтыс болды

0
134
Сейітхан Исаев

11 ақпан күні Алматы облысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы мұғалімдерінің бірі Сейітхан Исаев 102 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ардагер ұстаздың немересі Динара Исаева хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы мұғалімдерінің бірі Сейітхан Исаевпен.

Сейітхан Исаев – Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих пәнінің мұғалімі. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстан Білім саласының құрметті қызметкері. Барыс және Парасат ордендерінің иегері. Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы ұстаздарының бірі. Оған Президенттің жас кезінде қандай болғаны, қалай оқығаны туралы жиі сұрақ қойылатын. Сейітхан Исаев бес баланың әкесі, немерелері мен шөберелері бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз