Қазақстан Қытай азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатты

0
71
Photo: 24.kz

Қазақстан Қытайда тараған коронавирусқа байланысты осы елдің азаматтарына виза беруді шектеді. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Шухрат Нұрышев хабарлады.

Қазақстан үкіметі Қытай азаматтарына берілетін 72 сағаттық транзит визасын уақытша тоқтатты. Бұдан бөлек, Қытай азаматтарына әуежайда электронды виза әзірлеу процесі де уақытша доғарылды. Ал Қытай азаматтары Қазақстанға елшілік я консулдық арқылы виза әзірлегісі келсе денсаулық жағдайы жайлы анықтама өткізуі тиіс.

Нұрышевтың айтуынша, Нұр-Сұлтан Пекиннен вирус ошағы Уханьдағы қазақстандық 98 студентті алып шығуға рұқсат сұраған. Вице-министр Қазақстан Қытайда жүрген азаматтарының елге келуіне кедергі келтірмес үшін шекараны жаппайтынын айтады.

Вице-министрдің сөзінше, қазір Қытайда Қазақстанның 1300 азаматы жүр. Олардың жартысы – Хайнань аралында демалуға барған туристер.

28 қаңтарда Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин баспасөз мәслихатында Қазақстанға Қытайдан келген бес адам жедел респираторлық вирустық инфекция (ОРВИ) күдігімен ауруханаға түскенін хабарлады.

Қытай билігі 23 қаңтардан бастап коронавирус тараған Ухань қаласындағы қоғамдық орындарды, әуежайды, вокзалды жауып, карантин жариялаған.

Қытайда коронавирус жұқпалы ауруынан қайтыс болғандар саны соңғы деректер бойынша 106 адамға жетіп, 1291 адамның жұқтырғаны анықталған.

Коронавирусты жұқтырған адамдар Германия, Шри-Ланка,Малайзия, Оңтүстік Корея, Тайвань, Таиланд, Канада, Непал, Вьетнам, Сауд Арабиясы, Сингапур, Жапония, АҚШ, Франция, Австралияда кезіккен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз