“Қазақстан – жабайы жолбарыстарды Орталық Азияға қайтаратын тұңғыш ел”

0
150
фото ашық дереккөзден алынды

Әйгілі америкалық актер Леонардо Ди Каприо өзінің әлеуметтік желісінде Тұран жолбарысын Іле-Балқаш аймағындағы тарихи мекеніне қайтару туралы Қазақстан Үкіметінің WWF (World Wildlife Fund) Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорымен бірлескен бастамасына қатысты пікірімен бөлісті.

Өз мәлімдемесінде голливуд актері: «Сіздер естідіңіздер ме? Қазақстан жарты ғасыр бұрын жоғалып кеткен жабайы жолбарыстарды Орта Азияға қайтаратын тұңғыш ел болмақ», –  деп жазады. Ол сондай-ақ өз жарияланымында Қазақстанның жолбарыстарды реинтродукциялау  жоспары жабайы табиғатты қорғауда және Tx2 мақсатына жетуге жәрдемдеседі деп атады.

Атап өтерлігі, Tx2 – WWF қорының  жаһандық бастамасы, ол 2022 жылға қарай әлемдегі жолбарыстардың санын екі есе көбейтуді көздейді. Бұдан бұрын шетелдік БАҚ-та хабарланғандай, актер Леонардо Ди Каприо қоры табиғатты қорғау мақсатында 20 млн. доллар бөлген.

Тұран жолбарысы немесе кавказдық жолбарыс (кейде Каспийлік жолбарыс деп те аталады) – Орталық Азияда, Иранның солтүстігінде және Кавказда мекендейтін жолбарыстардың жойылған кіші түрлері. Бұл түр жүнінің ашық сары түсімен және жолақтарының ұзындығымен ерекшеленеді, жолақтары ұзын және қоңыр түстес болған.

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз