Қазақстанда 1 маусымнан бастап блокбекеттер алынады

0
101
Photo: Almaty TV

Қазақстанда 1 маусымнан бастап қалааралық блокбекеттер алынады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов хабарлады.

Оның айтуынша, блокбекеттер алынғаннан кейін азаматтар жеке көліктерімен де қала мен облыс арасында жүре алады.

Тайжановтың сөзінше, 5 маусымнан бастап, қалааралық автобустар да жүре бастайды. Жолаушыларды тасымалдау бойынша жасалған арнайы алгоритмге сәйкес, соңғы аялдамаларда автобустарды дезинфекциялау, салонға тек маскамен кіргізу, жолаушылар арасында кемінде бір метрлік арақашықтықты сақтау, жүргізушілерді маска, қолғаппен қамтамасыз ету сияқты шаралар қарастырылған.

1 маусымнан бастап Қазақстанда жолаушылар пойызы да біртіндеп жүре бастайды. Пойыздар әуелі ішкі бағыттар бойынша жолаушы тасымалдайды. Жолаушылар темір жол вокзалдарына маска тағып кіруі тиіс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз