Қазақстанда коронавирустан жүкті әйел қайтыс болды

0
128
Photo: inform.kz

Қарағанды облысында коронавирустан 33 жастағы жүкті әйел қайтыс болды. Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүкті әйел 22-ші аптасында коронавирус жұқтырған.  Дәрігерлер бірден стационарға жатқызып емдеген, бақылауда ұстаған. Дегенмен індет үдей түскен. Науқас он күн жан сақтау бөлімінде жатқан. Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, барлық қажетті дәрі-дәрмек болса да ана мен баланы аман алып қалу мүмкін болмаған..

Эпидемия басталғалы Қазақстанда барлығы 63 514 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Оның ішіндегі 38 мың науқас аурудан жазылған, кемі 375 адам қайтыс болған. КВИ жұқтырған бірақ “өлімінің себебі басқа” деген 101 адам COVID-19 өлімі статистикасына кірмеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз