Қазақстанда шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін туристік полиция құрылды

0
187
ІІМ

Қазақстанда туристік полиция құрылды. Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен ІІМ алқа отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев президентке елде туристік полиция құрылатыны туралы мәлімдеген еді.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпарына сәйкес ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен туристік саланы дамыту тұжырымдамасы аясында ІІМ бастамасымен «Е-виза», «Е-қонақ үй» электронды базасын құру жөнінде ұсыныс жасалды.

ІІМ

Бүгінде 117 елдің азаматтары үшін электронды түрде рәсімделеді және мемлекеттік шекарадан өткен бойда автоматты түрде тіркеледі. «Е-қонақ үй» мәліметтер базасы шетелдіктердің тұратын жерінен есеп жүргізуге мүмкіндік береді және тіркелу үшін міндетті түрде полицияға келудің қажеттігі болмайды.
ІІМ ақпарына сәйкес шетелдіктерді және инвесторларды тарту үшін және шетел азаматтарының елімізге келген кездегі қауіпсіздігі мен жайлылығын жаңа бөлініс – туристік полиция қамтамасыз ететін болады.
Туристік полицияның басты міндеті – келген туристер мен қонақтарға қызықтырған сұрақтар бойынша кеңестер, ақпараттар беру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

ІІМ

Бірінші кезеңде бұл бөліністер Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында құрылды. Туристік полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталады және олар мемлекеттік тілді,орыс және ағылшын тілдерін, еліміздің тарихын білуі тиіс, сондай-ақ тез тіл табысы білетін және жедел әрекетке әрдайым дайын болуы керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жайлы климатты қалыптастыруда шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды екенін атап көрсете отырып, шетелдік туристермен жұмыс барысында жекелеген полиция бөліністерін мамандандыру бойынша қабылданып жатқан шараларды мақұлдады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз