Қазақстанда тағы 21 адамнан вирус анықталды. Елде науқас саны 423-ке жетті

0
102
Photo: rbc.ru

2 сәуірде Қазақстанда 21 адамнан коронавирус табылды. Нұр-Сұлтанда – 2, Алматыда – 1, Шымкентте – 8, Солтүстік Қазақстан облысында – 2, Қызылорда облысында – 1, Түркістан облысында – 6, Ақтөбе облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі кешкі сағат 17:05-те хабарлады. 

Шымкент денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, қалада вирус табылған 8 адам – осыған дейін Covid-19 дертіне шалдыққандардың жақындары.

Қазір елде вирус жұқтырғандар жалпы саны 423-ке жетті:

  • Нұр-Сұлтанда – 193 адам
  • Алматыда – 91 адам
  • Қарағандыда – 21 адам
  • Атырау облысында – 18 адам
  • Ақмола облысында – 19 адам
  • Алматы облысында – 9 адам
  • Қызылорда облысында – 26 адам
  • Жамбыл облысында – 5 адам
  • Шымкентте – 11 адам
  • Батыс Қазақстан облысы – 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам
  • Ақтөбе облысында – 5 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 8 адам
  • Павлодар облысында – 1 адам
  • Маңғыстау облысында – 1 адам
  • Түркістан облысында -11 адам.

Қазақстанда 27 адам дерттен айыққан. Үш адам қайтыс болған. Қазақстан үкіметі коронавируспен күреске тағы 125 миллиард теңге бөлді. Бұған дейін 23 миллиард теңге бөлінген. Жалпы сома – 148 миллиард теңге. Бұл қаржыдан 40,6 миллиард теңге коронавируспен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге берілмек. Бұл туралы қаржы министрлігі хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз