Қазақстанның Ирандағы елшісі тағайындалды

0
77
дереккөзден

Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы елшісі тағайындалды.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды “, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

А. Оразбай 1960 жылы Қырғызстанда дүниеге келген. Ташкент мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1982 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери аудармашы болып бастаған. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде бірқатар қызмет атқарған, Қазақстанның Түркіменстандағы, Индонезиядағы және Филиппиндегі елшісі болған.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз