Қажылығын өтеген қазақстандықтар елге қайта бастады

0
13
Сурет: ҚМДБ баспасөз қызметі.

Сауд Арабия уақытымен түнгі сағат 02:00-де қажылығын өтеп болған 402 қазақстандық елге аттанды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады. 

Джидда-Алматы бағытындағы рейсті Корольдікке тиесілі Flynas әуекомпаниясы орындайды. Қажыларды Джидда қаласындағы әуежайдан Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы Алау Әділбаев, төраға орынбасары Ғылымбек Мәжиев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі Досымжан Нұрбаев пен ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділла Бекжігітов ресми түрде шығарып салды.

Айта кетейік, Джидда мен Мадина қалаларынан күн сайын қазақстандықтар бекітілген кесте бойынша ұшатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз