БҰҰ комитеті Семей полигоны жөнінде резолюцияны мақұлдады

0
87
дереккөзден

Әлемнің 23 мемлекетінің қолдауымен БҰҰ Бас Ассамблеясының екінші комитетінде Қазақстандағы Семей аймағында халықты оңалту, қоршаған ортаны қалпына келтіру және экономикалық дамыту мақсатында әрекеттерді үйлестіру мен халықаралық ынтымақтастық туралы резолюциясы келісілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Резолюцияны БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы отырысында қабылдау желтоқсан айына жоспарланған.

Бұл 1997 жылдан бері БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей аймағына арналған тоғызыншы резолюциясы.

Құжатта Семей өңірінің қалпына келтіру мен дамытуға ресурстар бөлетін Қазақстан Үкіметінің маңызды рөлі мойындалған. Сондай-ақ, құжат халықаралық қауымдастықты зардап шеккен халықты емдеу мен қызмет көрсетудің арнайы бағдарламалар мен жобаларын әзірлеу және жүзеге асыруда, сондай-ақ Семей аймағында экономикалық өсу мен тұрақты дамуды қамтамасыз етуде Қазақстанға көмек беруге шақырады.

Атап өтерлігі, Семей аймағы жөніндегі резолюция – халық, әсіресе жас балалардың және басқа да осал топтардың өмірі мен денсаулықтарына ядролық сынақтардың ұзақ мерзімді салдарлары бойынша Қазақстан Республикасының елеулі алаңдаушылығын халықаралық қоғамдастықтың мойындауының көрнекті дәлелі.

 Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз