Бақытжан Сағынтаев барон Эрик де Ротшильдпен кездесті

0
70

Бақытжан Сағынтаев барон Эрик де Ротшильдпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар инвестициялар тарту мен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Rothschild & Co – екі жүз жылдық тарихы бар халықаралық тәуелсіз қаржы-консультациялық фирма.

Ротшильдтер әулетіне тиесілі фирманың жаһандық қаржылық кеңес беру, акционерлік капиталға тікелей инвестициялар, ауқатты клиенттердің активтерін басқару және институционалдық инвесторлардың активтерін басқару сынды аймақтарды құрайды.

Аталған фирма 2010 жылдан бастап 419-дан астам мәміле жасаған, олардың жалпы құны $478 млрд құраған. Акционерлік капиталмен мәміле бойынша «Ротшильд» мамандары компанияның Лондондағы, Париждегі, Миландағы, Нью-Йорктегі, Гонконг және Сиднейдегі бөлімшелерінде бар. «Ротшильд» ТМД аумағында 1994 жылдан бері Ресейде қызмет істейді. Қазақстанда компанияның белсенді жұмысы 2006 жылдан басталған.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз