Батыс Африкалық кәмілетке толмаған босқындар сексуалдық құлдыққа жегілуде

0
82
ашық дереккөз

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ) Батыс Африкадағы халықаралық гуманитарлық ұйымдардың кәмелетке толмаған босқындарды сексуалдық құлдық жолында пайдаланғаны туралы баяндама жасады.

The Times басылымының мәліметіне сәйкес 2001 жылы дайындалған БЖКБ зерттеушілері мен «Save the Children» гуманитарлық ұйымының зерттеушілері аталған баяндамада 40-тан астам гуманитарлық ұйымдар туралы (15-і халықаралық) сөз қозғады. Олардың ішінде Босқындардың Норвегиялық Кеңесі, Халықаралық Құтқару Комитеті, «Шекарасыз дәрігерлер», Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері бар.

Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының баяндамасындағы мәліметке сәйкес Батыс Африкадағы халықаралық гуманитарлық ұйымдар көбіне азық-түлік, баспана және білім алу жолында көмектің өтеуі ретінде босқындарға сексуалдық қызмет көрсетуді талап еткен.

Угандадағы босқындар

Бұған дейін Сирия әйелдерінің де гуманитарлық көмектің өтеуі ретінде сексуалдық құлдыққа жегілгені туралы хабарлаған болатынбыз.

БҰҰ БЖКБ аталған айыптар толығымен расталғанға дейін тергеуді одан әрі жүргізуді талап етуде. Қазіргі уақытта аталған қылмысқа 67 адамның ( жоғары лауазымды тұлғалар) қатысуынан тұратын «Құпия тізімдер» БҰҰ БЖКБ-ның қызметкерлеріне берілді. Олардың 10-ы өз қызметтерінен босатылғанымен, ешбір айып тағылмаған.

БҰҰ БЖКБ өкілдіктері зерттеу барысында анықталған барлық гуманитарлық ұйымдарға сексуалдық шабуыл мен тергеу жұмыстары туралы ақпарат берді. Босқындарға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінген үш гуманитарлық ұйымның қызметкерлері қызметінен босатылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз