Қ. Әбдірахманов Үндістанның мемлекеттік сыртқы істер министрімен кездесті

0
97

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Үндістан Республикасының Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Джавед Акбармен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Министрлер қазақстандық-үндістандық қатынастардың жағдайы мен перспективалары, халықаралық форумдар, соның ішінде БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасты.

Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Саммиті мен Халықаралық мамандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі алаңшасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди арасында өткен келіссөздер сауда мен инвестициялар, сандық технологиялар, ғарыш, көлік пен логистика салалары тәрізді салаларда қазақстандық-үндістандық ынтымақтастықты тереңдету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізуге мүмкіндік берді деп түйіндеді тараптар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз