Bek Аir апаты: компания ұшақ соғылған үйдің иесін сотқа берді

0
61

Bek Аir компаниясының ұшағы соғылған үйдің иесінің үстінен сотқа шағым түсті. Оны әуе компаниясы сотқа бергенін хабарлады.

“Мені 21 ақпанда сотқа шақырды. Мен бұған дейін Bek Air компаниясының үстінен де шағым түсіргенмін. Демек, олар мені қайыра сотқа беріп отыр” деді үйдің иесі Ришат Қалибек.

Қалибек Facebook желісіне видео жариялап, биліктен шығынды өтеп, басқа аймақтан жер беруді талап етті.

27 желтоқсанда таңертең Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 жолаушы ұшағы Алматы әуежайынан әуеге көтеріле бере апатқа ұшырап, сол маңдағы үйге соғылған. Ұшақта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан 13 адам қаза тауып, ондаған жолаушы ауруханаға түскен. Ұшақ командирі апат болған күні, екінші ұшқыш 28 қаңтарда үйінде көз жұмды.

Билік ұшаққа мұз қату апаттың басты себебі ретінде қарастырады. Bek Air компаниясы уақытша қызметін тоқтатқан. Компания басшылығы әуежай аймағында үй салынбағанда адам шығыны болмас еді деп санайды.

Желтоқсан соңында Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігі әуежай маңындағы үй құрылысына рұқсат берілмегенін мәлімдеген. Сол кезде бас прокуратура әуежай жанынан жер сату фактісін тексеретінін хабарлаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз