Билік бірінші кезекте – жауапкершілік – Н. Назарбаев

0
94
дереккөзден

“Билік бұл бірінші кезекте – жауапкершілік. Лауазым қаншалықты жоғары болса, соншалықты жауапкершіліктің де салмағы ауырлай түседі”, – дейді мемлекет басшысы Н. Назарбаев билік не деген сауалға жауап қайыру барысында. Аталған бейнежазбаны Президент Телерадиокешені өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Билік деген не деген сауалға бір сөзбен жауап қайыру қиын екендігін алға тартқан Елбасы, өзіне дейін де талай даналардың бұл сұраққа жауап қайтарғандығын айтады.

“Билік – зұлымдық, ақша да адамға бақыт әкелмейді, сондықтан, бұл жүктемеден құтылған жөн, қарапайым адамның өмірінде бақыт бар деген даналар. Жетекші болып, қолына билік тиген біздер басқаша ойлауымыз керек, сондықтан мен мұны бірнеше ұстанымға бөлер едім. Билік бұл бірінші кезекте – жауапкершілік. Лауазым қаншалықты жоғары болса, соншалықты жауапкершіліктің де салмағы ауырлай түседі “, – дейді мемлекет басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз