Білім инновация лицейі наурыз мейрамын тойлады (фоторепортаж)

0
435
20 сәуір күні еліміздің астанасы Нұр-сұлтан қаласында «Білім инновация лицейі» наурыз мейрамын тойлады.
Наурыз мерекесіне 7-ден бастап 10-шы сыныптарға дейін қатысты. Әр сынып түрлі ұлт өкілдеріне бөлініп, киіз үйлерін құрып, дастархан жайды. Киіз үйлер таңдалған мемлекеттердің нақышына сай безендірілді. Оқушылар ата-аналарымен бірге би билеп, ән салып, өнерлерін ортаға салды.

«Ауа-райының суығына қарамастан біздің көңіл күйіміз тамаша, мереке керемет өтіп жатыр. Біздің сынып Әзірбайжан халқының дістүрін көрсетуде. Киіз үйімізге кірсеңіз Әзірбайжан халқының ұлттық тағамынан дәм татып көріңуізге болады. Сонымен қатар, біздің орындауымызда бүгінгі концерттік бағдарламада Әзірбайжан халқының биін тамашалай аласыздар. Осындай мерекеге қатысу маған өте ұнайды. Әсіресе, бір уақытта түрлі елдердің дәстүрімен танысуға болатыны қатты ұнады», – дейді 9 «А» сынып оқушысы Убайдула Қасым.
Концерттік бағдарламадан кейін оқушылар қазақтың ұлттық ойындары: асық, арқан тартыс ойындарын ойнап серігіп қалды. Сондай-ақ, бұл мерекеге «Білім инновация лицейінің» түлектері қатысып, мектептеріне деген сағыныштарын бір басып қайтты.

Мадина Даулетова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз