Бір миллионға жуық жалған АҚШ долларын сатпақ болған алматылық ұсталды

0
108

Алматы қаласының экономикалық тергеу департаменті жалған 293 200 АҚШ долларын сатпақ болған алматылыққа сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы қаржы министрлігі Facebook желісінде хабарлады.

Күдікті 100 АҚШ доллары номиналымен 2932 дана жалған шетел валютасын сату үстінде ұсталған. Тергеу барысында күдіктіден тағы да жалған 600 000 АҚШ доллары табылған. Қылмыскер, қазіргі таңда соттың санкциясымен қамауға алынды. Іс туралы өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбаған.

Қазіргі уақытта Қазақстан республикасының қылмыстық кодексінің 231-бабы “Жалған ақшаны немесе бағалы қағаздарды өндіру, сақтау, өзімен бірге тасу немесе сату” бойынша тергеу жалғасуда. Күдіктіге мүлкін тәркілеп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз