Біз үшін Сауд Арабиясымен қарым-қатынастың мәні зор – Елбасы

0
111

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика, өнеркәсіп  және табиғи ресурстар министрі Халид әл-Фалихпен кездесті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуде Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтіп, оны әрі қарай дамытудың маңызды екенін айтты.

– Біз үшін Сауд Арабиясымен қарым-қатынастың мәні зор. Биыл мен Эр-Риядқа сапармен бардым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Халид әл-Фалих жеке кездесуге және энергетика саласындағы қазіргі екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдірді.

 Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз