Денис Тен туралы «Тает лед» бағдарламасының арнайы шығарылымы жарық көрді

0
82
Желіде Олемпиада чемпионы Алексей Ягудиннің Денис Тен туралы «Тает лед» атты авторлық бағдарламасының арнайы нұсқасы жарыққа шықты.
Бағдарлама барысында Денистің досы Алексей Ягудин спортшының жақын достарынан, оның жаттықтырушысы мен мәнерлеп сырғанаушылардан атап айтқанда, актер Санжар Мәди, режиссер және сценарист Игорь Цай, фигурист Максим Маринин, Татьяна Тотмянина, Максим Транков, Татьяна Волосожар, Илья Авербух, Елена Водорезова және Дениспен 6 жыл қатарынан бірге жұмыс жасаған ресейлік мәнерлеп сырғанаудың көрнекті жаттықтырушысы Татьяна Тарасовамен сұхбаттасқан.

Матч-ТВ арнасынан көрсетілген арнайы бағдарлама Мәскеуде, Сочиде және Алматыда түсірілді.

Еске саламыз, отандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда өз көлігінің айнасын қолды етпек болғандардың қолынан қаза тапты. Бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған спортшы ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмған. Қылмысқа барған қос күдіктінің кім екендігі айқындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз