Денистің мұзды әлемі

0
159

10 қарашада Астана қаласында «Денис Тен Қорының» ұйымдастыруымен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған 10 күндік D10 WORLD (Ди Тен Уорлд) көрмесі басталады.

Астанадағы D10 WORLD көрмесінің ашылуына Денис Теннің жанұясы, оның достары, әріптестері, белгілі қазақстандық спортшылар, ресми тұлғалар қатысады.

«MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығының екінші қабатында келушілерді жалпы ауданы 400 шаршы метрден асатын аумақта авторлық фотожұмыстар, Денистің музыкасы және Олимпиада чемпионына тиесілі заттардан құралған «мұзды әлем» қарсы алады. Сонымен қатар, көрмеде спортшыны атаулы іс-шараларда түсірген түрлі авторлардың суреттері және әріптестері мен достарының бейне жобасы ұсынылған», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Денис Тен Қорын» қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының туыстары мен жақындары құрған болатын.

Денис Тенге арналған көрме 10 қараша сағат 17:00 де басталып 20 қарашаға дейін жалғасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз