Доминиканнан қылмыс жасаған қазақстандық экстрадицияланды

0
173

9 ақпан күні ҚР Бас прокуратурасының және ІІМ-нің қызметкерлері Доминикан Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Марина Орумбаеваны (Невская) экстрадициялады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Оны Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 9 млн теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіріп, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген күдікпен іздеген. Орумбаева қылмыстық қудалау органынан жасырынған және халықаралық іздеуде болған.

«Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, Бас прокуратураның сұратуын шетел билігі өзаралық қағидасында қанағаттандырды. Қазіргі уақытта ұсталушы Астана қаласының тергеу изоляторында», – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз