Дрондар Сауд Арабиясының мұнай зауыттарын қалай атқылады? (космостан суреттер)

0
150
Photo: ca-news.org

14 қыркүйек түнде Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясы Saudi Aramco-ға дрондар шабуылдады. Апат салдарынан мұнай өндіру 50 пайызға қысқарған.

Желіде дрон шабуылынан кейін космостан түсірілген бейнелер жарияланды. Оқиғаның қалай болғаны суреттерде көрсетілген. 2019 жылдың 15 қыркүйегінде АҚШ үкіметі тарапынан түсірілген суреттерді, Associated Press жариялады.

Photo: ca-news.org
Photo: ca-news.org
Photo: ca-news.org

Йемендік ереуілші хуситтер шабуылды ұшу аппараттарының көмегімен жасағанын мойындады. Алайда, 15 қыркүйекте АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Сауд Арабиясының мұнай өндірісіне жасалған дрон шабуылына Иранды айыптаған.

Сауд Арабиясының Энергетика министрінің айтуынша, “террорлық шабуыл” ілеспе газ өндіруді тәулігіне 56,6 млрд. текше метрге азайтқан. Бұл көлем 700 мың баррельге жуық сұйытылған газды өндіру үшін пайдаланылады. Этан мен сұйытылған табиғи газдың жеткізілуін шамамен 50% -ға төмендетеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз