Елбасы Алмания канцлеріне құттықтау жеделхатын жолдады

0
100

Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельді Христиан демократиялық одағының Алмания (Германия) Бундестагына сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Президенттің баспасөз орталығы.

Мемлекет басшысы сайлау қорытындылары Федералдық канцлердің әлеуметтік-экономикалық саясатына неміс халқының қолдау көрсетіп отырғанының жарқын мысалы екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Ангела Меркельдің халықаралық беделіне тоқталып, оның өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

«25 жыл ішінде Қазақстан мен Германия арасындағы достық қарым-қатынастар жоғары деңгейге көтерілді. Елдерімізді жақындастыруға септігін тигізген бірлескен жобаларды табысты іске асыруға Сіздің зор үлес қосқаныңызды атап өткім келеді», – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельге зор денсаулық пен табыс, ал достас Алмания халқына бақ-береке тіледі.

 Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз