Елордадағы “Big Шанхай” базарында өрт шықты

0
20

6 тамызға қараған түні Нұр-Сұлтандағы  “Big Шанхай” базарында 30 дүңгіршек жанып кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД хабарлады. 

“6 тамыз күні сағат 03:49-да Нұр-Сұлтан қаласының “101” пультіне Байқоңыр ауданының Алаш көшесінде орналасқан “Big Шанхай” базарында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер жеткен 03 сағат 57 минутта “Ярмарка” азық-түлік павильонында халық тұтынатын тауарлар орналасқан 30 дүңгіршек жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың күшімен 04:35-те жалынның таралуы тоқтатылып, 05:08-де толығымен ауыздықталды”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Сурет: ТЖД

Тілсіз жау 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 44 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз