Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында көрмені өткізуге елеулі үлес қосқан үздік қызметкерлер мен ұйымдарды марапаттау салтанатын өткізді.

Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының мәлімдеуінше, Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Үздік мәдени ұйым» атағына ие болды.

Атап өтсек, Astana EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде, 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында, Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының шығармашылық ұжымдары қала мен жақын жатқан облыстардың тұрғындарының назарына 191 концерт ұсынып, оның 14-і Қазақстанның қалалары мен облыстарына жасалған әнсапарлары барысында қойылған.

Мемлекеттік академиялық филармония EXPO-2017 көрмесін өткізу аясында «Шыңғысхан», «Алпамыс», «Күй атасы – Қорқыт», «Қыз Жібек пен Сансызбай», «Жасай бер, Қазақ елі!», «Алтай – Тарбағатай әндері», «Өлең сөздің патшасы», «Азия дауысы» сынды көптеген көлемді концерттер өткізіп, филармонияның көркемдік жетекшісі Сәкен Әбдірахмановтың бастамасымен «Ұлы дала» атты бірегей жобаны қолға алды. Жоба аясында Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының барлық шығармашылық ұжымдары 8 қыркүйекке дейін әр бейсенбі және жұма күндері «Астана» концерт залының алдындағы алаңда өз өнерлерін ортаға салды.

Бұдан өзге EXPO-2017 көрмесі аясында филармонияның шығармашылық ұжымы Eurasian Music Cames халықаралық фестивалі, Бүкіләлемдік қуыршақтар фестивалі, Этно-фолк-джаз фестивалі т.б ірі шараларға белсене ат салысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз