Есіл өзенінде мұз жарылып, бір адам суға кетті

0
173
Photo: aikyn.kz

Ақмола облысында Есіл өзенінде мұз жарылып, ер адам суға кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

“19 қарашада Ақмола облысы Атбасар ауданы Тельман ауылынан екі шақырым жердегі Есіл өзенінен ТЖД  күштерімен 1954 жылғы ер адамның денесін судан алып шықты”, – делінген ТЖ Комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Куәгердің айтуынша, ер адам мұз үстінде жүргенде, мұз шытынаған. Оның қалай қайтыс болғаны тексеріліп жатыр.

ІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға қазір мұз үстінде жүру қауіпті екенін ескертеді. Күздегі мұз қараша мен желтоқсан аралығында аса қатпайды екен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз