Еуроодақ КНДР-ға қарсы санкцияларды қатаңдатты

0
43

Қаулыға сәйкес, Еуроодақ Солтүстік Корея экономикасының кез келген саласына инвестиция құюға және мұнай өнімдерін жеткізуге тыйым салды, деп хабарлайды 24kz.

Солтүстік Корея мемлекетіне аударылатын қаржы көлемі 15 мың еуродан 5 мыңға дейін азайтылып, осы мемлекеттің азаматтарына шет елдерде жұмыс визасын ұзартпау жайлы шешім қаралды.

Ресей Федерациясы да Солтүстік Кореямен ғылыми-техникалық ынтымақтастық тоқтатылып, елге қатынайтын кемелерге бақылау күшейтілді.

Аталған шешім 16 қазан күні Люксембургте ұйымның сыртқы істер министрлері кездесуі кезінде қабылданды.

Айта кетейік, Санкт-Петербургте өтіп жатқан 137-ші Парламентаралық одақ ассамблеясында Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен тікелей келіссөз жүргізуді ұсынған болатын. Десе де Пхеньян бұл ұсыныстан бас тартқан еді.

Ресей Федерация кеңесінің спикері Валентина Мотвиенко «Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізу ұзаққа созылды.  Әйтсе де Пхеньян  қазіргі уақытта бейбіт келіссөздер жасасуға дайын емес. Сондай-ақ КНДР «ядролық қару – мемлекеттің егемендігін қорғайтын ең тиімді құрал» деп есептейді», деді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз