Футбол алаңынын қақпасы баланың бас сүйегін сындырды

0
118

Маңғыстау облысында 12 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті.

Оқиға Маңғыстау облысы, Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылында 29 мамыр күні кешкі сағат 19:00- де футбол алаңында ойнап жүрген сәтінде болған. Бала  ауыр жарақатпен дереу Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Баланың бас сүйегінің негізгі бөлігі сынып кеткен және ол травматикалық шок алған.

Әжесінің айтуынша, бала футбол алаңында ойнап жүрген уақытта оның үстіне қақпа құлаған.

“Дәрігер нейрохирургтар баланы қарап шыққан соң, басына дереу ота жасады: олар ісікті алып тастап, бас сүйегін тесіп операция жасады. Ота шамамен бір жарым сағатқа созылды. Қазіргі жағдайда баланың жағдайы тұрақталды”, – деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.

 

В Жетыбае на 12-летнего мальчика упали футбольные ворота

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз