“Хабар” телеарнасына жаңа директор тағайындалды

0
94
"Хабар" телеарнасыныңы жаңа директоры Динара Бисембина.

Динара Бисембина “Хабар” телеарнасы директоры қызметіне тағайындалды.

Динара Асқарқызы Бисембина 1983 жылы дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

“Болашақ” бағдарламасы бойынша М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультетінің экономикалық журналистика және жарнама кафедрасында оқыған.

Кәсіби қызметін Астана қаласындағы “Литер” газетінің тілшісі ретінде бастаған.

2015-2017 жылдар аралығында “Хабар” агенттігінде қызмет істеген.

2017 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімінің БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз