Илья Ильин алдағы жоспарларымен бөлісті

0
77

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен конференцияда қазақстандық ауыр атлет, олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин біраз уақыт спорттағы үзілісінен кейін алдағы уақытта көптеген жаттығулар мен кәсібін жалғастыратын шараларды қолға алатынын жариялаған спортшы жанкүйерлеріне шын жүректен алғыс білдіре отырып, жаңа кездесулерді қуана қарсы алатынын жеткізді.

Олимпиада чемпионы «Сіздерді қайта көргеніме қуаныштымын. Бір жыл бұрын қиын жағдайлар болды… Уақыт өтті, бәрі қалпына келді.  Ең алдымен жанкүйерлерге осы қиын жағдайда қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін. Мен үшін үнемі алаңдатып отырған Қазақстан Президентіне алғыс айтамын. Мені қолдайтындардың барлығына рахмет. Тіпті көшелерде деменің халімді сұрап табыс тілеп, күш беріп жатқандар болды. Баршаңызға өте ризамын», деді.

Сонымен қоса 2020 жылы Токио олимпиадасына қатысып қатыспайтындығы қаңтар айында белгілі болатындығын айтып «Олимпиадаға қатысамын деп нақты айта алмаймын. Әрине, мен әлі жаспын, 29-да ғанамын. Қатысуға барлық мүмкіндік бар. Ол үшін, ең алдымен, еліміздің спорт басшылығымен сөйлесу керек. Бұл жолда қандай қиыншылықтар, кедергілер күтіп тұр, талдау жасау қажет. Содан кейін әр спортшы сияқты толық тексерістен өту керек. Себебі, біраз уақыт өтті, әрине, спортпен белсенді шұғылданып, жаттығу жасап жүрдім, салауатты өмір салтын ұстандым.Дегенмен, бір жарым жылдай менің организміме ауыр салмақ түскен жоқ.  Егер дәрігерлер маған “организмің мықты, жарыстарға қатыса аласың” десе, онда мен Олимпиадаға дайын екенімді  анық біліп, нық сеніммен сынға түсе аламын. Нақты шешім қаңтар айында белгілі болады», деді.

Сондай-ақ, қаңтар айының он бірінде Астана қаласында спортшылар арасында мастер сыныптар өткізетінін қоса кетті.

Еске сала кетейік, Илья Ильин допинг сынамасында тыйым салынған заттар табылғаннан кейін, 2008 жылы және 2012 жылғы Олимпиадаларда жеңіп алған алтын медалінен айырылған болатын. IWF тәртіптік комиссиясының шешімімен, ауыр атлет екі жылға спорттан шеттетілген еді. ҚР Ауыр атлетика федерациясының көмегімен спортшы Олимпиададан басқа додаларда алған марапаттары мен титулдарын сақтап қала алды. Ильиннің спорттан шеттетілу мерзімі 2018 жылдың маусымында аяқталады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз