Иракта 110 мыңнан астам адам ауыз судан уланды

0
75

Ирактың оңтүстігіндегі Басра қаласында ауыз судан уланған адамның саны 111 мыңғы жетті. Бұл туралы dw.com Al-Sumaria телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ауыз судан зардап шеккендер жайлы мәліметті БҰҰ Бас Ассамблеясының Басредегі Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының директоры Махди Тамими растаған. Зардап шеккендер арасында мектеп оқушылары да бар. 

Ирактың оңтүстік аумағында Үкіметтік емес ұйымдар жұмыссыздық пен хал-ахуалдың нашарлауына байланысты наразылық шеруіне шықты. Жұмыссыздық пен халықтың жағдайының нашарлауына байланысты жүргізілген наразылық шерулері Басре мен басқа да қалаларда шілде айынан бері жалғасуда. Қыркүйекте ел билігі шеруден жапа шеккендердің саны 27 мыңға жеткенін хабарлаған.

Ирактағы наразылық шеруі барысында 1000-ға жуық адам тұтқындалды. Ел үкіметі Барседегі ауыз су мен қуат көзін қайта қалпына келтіру үшін 17 миллион доллар бөлінеді деп уәде еткен.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз