Иракта 300-ден астам лаңкес өлім жазасына кесілді

0
147

Ирактың орталық соты ДАИШ лаңкестік ұйымының 300-ден астам мүшесін өлім жазасына кесті.

Ирактың астанасы Бағдат пен Мосул қалаларында шыққан сот шешіміне сәйкес өлім жазасына кесілгендер арасында шетел азаматтарының көптеп кездесетіні және жауапқа тартылған әйелдердің көпшілігі Түркия мен ТМД елдерінің азаматшалары болғандығы айтылды.

Ирак үкіметі Бағдадтағы сот шешіміне сәйкес 97 шетел азаматының өлім жазасына кесілгенін және 185 адамның өмір бойына бас бостандығынан айрылғанын мәлімдеді. Ал, Мосул қаласындағы сот ДАИШ лаңкестік ұйымының 212 мүшесін өлім жазасына кесіп, 341-ін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Ирак конституциялық сотының өкілі Абдульсаттар Байракдардың айтуынша, сотта жазаланған кісілердің ДАИШ террорлық ұйымының мүшесі болғандығы нақты дәлелденген.

Ирактың Орталық соты дүйсенбі күні лаңкестік топтың мүшесі деп айыпталған 11 адамды дарға асты.


Айта кетейік, Ирак үкіметі 2017 жылы желтоқсан айында ДАИШ-қа қарсы әскери операцияның жеңіспен аяқталған сәтінен бастап ДАИШ лаңкестік ұйымына мүше болғандарды жазалау уақытының басталғанын жариялаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз