Көкшетауда лифті өртеніп, 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды

0
100

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі лифті өртеніп, 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. 

Ақмола облыстық ТЖД мәліметіне сүйенсек, оқиға 13 қарашада түнгі уақыт 22:30 шамасында Васильковка 35 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. «Төтенше жағдайдың салдарынан 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның жетеуі бала. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына лифтінің электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды», – деп түсіндірді Ақмола облыстық ТЖД ресми өкілі Думан Дəлешов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз