ҰҚК радикализмге қарсы шаралар жасақтайды: 2018-де 3 лаңкестік әрекеттің алды алынған

0
179
дереккөзден

Қазақстанда 2018 жылы үш лаңкестік әрекеттің алды алынды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады деп жазады Kazakhstan Today.

“2018 жылы Қазақстанда үш лаңкестік әрекеттің алды алынды (2016 жылы – 12, 2017 жылы -11)”, – деп хабарлайды ведомства. Комитет шетелдік содырлардың Қазақстан аумағына енуін не болмаса, Қазақстан аумағынан өзге аймаққа өтуіне жол бермеу үшін БҰҰ (Біріккен ұлттар ұйымы-ред) Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялық тізімін ұлттық дерекқорға енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

“Лаңкестікке қатысы барлар және БҰҰ Қауіпсізік Кеңесінің санкциялық тізіміне енгендер бақылау тізіміне кіргізілген, ҚР мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін болса, тұтқындалады”, – деп нақтылады ҰҚК.

Осы жылы экстремизм және лаңкестікке қарсы тұру үшін ҰҚК мүдделі мемлекеттік органдар және бұқаралық ақпарат құралдарымен радикалды идеологияның таралуына қарсы алдын алу және қарсы пропагандалық шаралар кешенін жасақтамақ. “Бұл шараға үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ат салысқаны да маңызды”, – деп атап өтті Комитет.

Экстремизм және лаңкестікке қарсы күресте азаматтар мемлекеттік органдар жұмысына қалай көмек көрсете алады деген сұраққа ҰҚК бұл мәселе ҚР “Лаңкестікке қарсы күрес туралы” заңының 9 бабында қаралғанын алға тартты.

ҰҚК азаматтарды радикалды идеялар мен көзқарастарға басыбайлы болған, мәселен: зайырлы ұстанымдарды қабылдамау, өзінің діни ережелерін түсіндіруге ұмтылысы сынды әрекеттерді өздерінің жақындарының, таныстарының мінез-құлқынан байқауы назарға алынуы қажеттігін айтады.

Радикалдарға тән өзге де белгілер:

  • Қазақстан Республикасының ресми мұсылман діни қызметкерлері мен басқа да діндер өкілдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік және құқық қорғау органдарына теріс және шыдамсыз көзқарас;

  • қарым-қатынас ортасының аз болуы, айналасын дінге деген сенімі жоқтығына айыптау (діни немесе зайырлы ұстанымдары бар адамдарды);

  • діни себеппен туыс-туғандарымен қарым-қатынасын үзуі;

  • шетелде лаңкестік ұйымдар тарапынан соғысып жатқандардың әрекетін құптап, оларға жанашырлық танытуы;

  • Қазақстандағы мұсылмандардың құқықтары шектелді деген негізбен ҚР-дан ислам мемлекеттеріне кету ниетін жеткізуі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз