«KADEX-2018» көрмесіне 48 елден делегация келеді

0
53

«KADEX-2018» халықаралық көрмесіне 48 елден ресми делегация келеді. Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан президентімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесуде Қазақстан Президентіне министрлік тарапынан атқарылған кешенді ұйымдастыру шараларының нәтижелері мен V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды. «KADEX-2018» көрмесінде әлемнің 28 елінен 318 компания өз экспозициясын таныстыратын болады.

Сонымен қатар, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мемлекет басшысына мемлекеттік қорғанысқа қатысты тапсырыс пен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы стратегиялық және нормативтік құқықтық құжаттардың әзірлену барысы туралы мәлімдеді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз