Кадрлық ауыс-түйіс

0
102
дереккөзден

Қазақстан министрлігінде бірқатар ауыс-түйістер орын алды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Руслан Еңсебаев/ сурет дереккөзден

Үкімет қаулысымен Еңсебаев Руслан Сәтбекұлы қаржы вице-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін Еңсебаев «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ да басшылық қызметтер атқарған.2017 жылдың маусым айынан бастап «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасы лауазымында қызмет етті.

Олжас Әбішев/ primeminister.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі болып Олжас Әбішев тағайындалды. Әбішев түрлі жылдары «Қазагромаркетинг» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ, «Astana Innovations» АҚ, «Тұран – Астана» университетінде, сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2017 жылғы қыркүйек айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» РМК бас директоры лауазымын атқарған.

Динара Щеглова/primeminister.kz

Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып Динара Щеглова тағайындалды. Щеглова 2008–2009 жылдары ҚР-дағы Дүниежүзілік банк өкілдігінде кеңесші қызметін атқарған. 2011 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі аралықта — «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ бас менеджері, ақпараттандырудың сервистік моделі департаментінің директоры, басқарушы директоры, басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымдарын атқарған. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі таңға дейін «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз